Slider

Құрметті студенттер!
Жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу шараларының өткізілуіне байланысты, 2020 жылдың 16 наурызнан бастап санитарлық-профилактикалық іс-шаралар кезінде колледж онлайн режимінде бекітілген кесте бойынша қашықтан оқыту нысаны элементтерімен PLATONUS, WhatsApp,Telegram мессенджерлері және ZOOM (телеконференция, онлайн сабақтар) көмегімен қашықтан оқытуға көшеді. Оқыту механизмі мен сабақ кестесіндегі өзгерістер туралы барлық өзекті және қосымша ақпараттарды "мессенджер WhatsApp" оқу топтарының чаттарына жіберілетін болады. Білім алушылар мен оқытушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі біздің басты басымдылығымыз болып табылатындықтан, колледж басшылығы өз кезегінде, әлемдегі және елдегі жағдайды мұқият қадағалап отырады. Құрметті ТСжТК ұжымы, өз денсаулықтарыңызды қадағалаңыздар және барлық гигиена ережелерін сақтаңыздар!