0402000 ДИЗАЙН (салалар бойынша)
Біліктілігі: 0402013 Дизайнер
Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай; 3 жыл 10 ай;
Дизайнер — қоршаған әлемді жасаушы. Ол заманауи адам өмірінің барлық салаларын қамтуға ұмтылады, оның үстіне оны заттардың сыртқы түрі (қабығын) ғана емес, сонымен қатар олардың ішкі мәні мен функционалдық өзара байланысы да қызықтырады. Дизайн — ағылшын тілінен алғанда «design» — жоба, жоспар, сурет — ыңғайлылық, экономикалық пен сұлулық үйлесім қағидаттарына негізделген, пәндік ортаны (машиналар, заттар, интерьер) құруды қамтитын және көркемдік-жобалық қызмет түрлерін білдіретін термин. Ол біздің айналамызда көп кездесетін маңдайшадағы жазулармен, жарнамалық қалқандармен, плакаттар, көрсеткіштер, белгілер және сызбалармен жұмыс істейді, сондай-ақ интернет-сайттар, журналдар, газеттер, парақшалар, кітаптар мен дискілердің мұқабалары, мейрамханадағы мәзірлер, тауарлар каталогтары, визиткалар, сонымен қатар азық-түліктерді, өнеркәсіп тауарларын орау және витриналарды графикалық безендіру сияқты бізге қажетті ақпараттың қолайлылығына қамқорлық жасайды. Осы қысқаша айтылғандардан біз қайда барсақ та міндетті түрде графикалық дизайнның түрлі шығармаларын көретіндігімізді түсінуге болады.
Дизайнер қызметінің негізгі түрлері:
— эскиздік дизайн-жобаларды орындау;
— графикалық элементтердің, макеттердің түпнұсқаларын техникалық орындау;
— дизайн-жобаның заттай іске асырылуын бақылау;
— эскиздерді әзірлеу.