Slider

0508000 – ТАМАҚТАНДЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

Біліктілігі: 0508012 - Аспаз

 

                       0508022 - Кондитер

 

Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай; 10 ай.

 

Аспаз – тамақ дайындаудың маманы. Жақсы аспазды кейде сиқыршы деп атауға болады, өйткені ол қарапайым азық-түліктерден адамдарға қуаныш пен тамаша әсер сыйлайтын нағыз үздік туынды дайындай алады. Осы мамандық – әлемдегі ең танымал және сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Физиология, химия, бейнелеу өнері саласындағы танымы кең, сондай-ақ  мөлшерлей алуы мен ерекше түйсігі біздің аспаздық үздік туынды атауын қалыптастырады.

Кондитер – бұл мамандықтың басты ерекшелігі жұмыстың көп бөлігін қолмен жасайды, сондықтан кондитер қолының ұсақ моторикасы жақсы дамыған болуы керек. Сондай-ақ, нағыз шеберге көркемдік дәм, қиялдау және шығармашылық тәсіл сияқты қабілеттер тән, сонда ғана ол аспаздың шынайы жауһарына айнала алады.

Мамандықтың қысқаша сипаттамасы:

Аспаз тағамдарды арнайы рецепт бойынша дайындайды, бірақ олардың дәмін өз талғамына қарай өзгертуі мүмкін, яғни бұл шығармашылық процеске сәйкес келеді. Өнерлі аспаздарды көбінесе тамақ дайындау шеберлері деп атайды, ал олардың тағамдары – өнер туындылары. Олар адамдарға белгілі бір сезім мен көңіл-күйді жеткізуге тырысады, дәм мен хош иістің ең сәтті үйлесімін таңдап, сондай-ақ тағамды әдемі безендіреді. Әрине, бұл жұмысты тек талант болған жағдайда және шабыттың белгілі бір үлесінде жасауға болады.

 

Мамандықтың ерекшелігі

Работа повара-кондитера  состоит из нескольких этапов:

- бастапқы өнімдерді алу;

- тағам және кондитерлік өнімдерді дайындау технологиясы мен рецептурасын қолдау;

- тағам дайындау процесін қамтамасыз ету: қажетті жабдықтарды дайындау, жартылай дайын өнімдерді әзірлеу;

- ас үй жабдығын дұрыс пайдалану;

– санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес азық-түліктерді тиісті есепке алу мен сақтауды қамтамасыз ету;

- өнімді сату.

 

Аспаз-кондитер қандай қасиеттерге ие болуы керек:

Аспаз мамандығында өзін  дамыту үшін төмендегілер қажет:

✎ Дәм сезуі, иіс сезуі жақсы болуы (тікелей мағынада);

✎ Ойы икемді және жан-жақты жұмыс істей білуі;

✎ Жақсы үйлестіре білуі;

✎ Нұсқаулық бойынша жұмыс  істей білуі;

✎ Креативтілігі;

✎ Топта жұмыс істей білуі;

✎ Ұқыптылығы;

✎ Жауапкершілігі;

✎ Жігерлігі болуы қажет.

 

2 жыл 10 ай ішінде сіз колледжден төмендегілерді біліп шығасыз:

✎ Технологиялық жабдықты қалай пайдалану керектігін;
✎ Қандай өнімдерді  балғын деп санауға болады, ал қандай өнімдерді болмайтындығын;

✎ Тағамды қалай дайындауға және өнімнің пайдалы қасиеттерін, дәмі мен қоректік құндылығын  қалай сақтауға болатындығын;  

✎ Әр  елдің тағамдары  (орыс, Еуропа, Азия және т. б.) несімен ерекшеленетіндігін  және оларды қалай әзірлеу  керектігін;

✎ Сусымалы өнімдердің, сұйықтықтың немесе дәмдеуіштердің қажетті мөлшерін «көз мөлшермен»  қалай дайындауға болатындығын;

✎ Қоғамдық тамақтану орындарында қандай санитарлық нормалардың сақталуы қажет екендігін.

 

Құрметті талапкерлер өтінімді 1-ақ рет қалдырыңыздар! Сіздердің 2-3 рет өтінім қалдыруларыңыз біздің жұмысты тежейді! Өтінім қалдырғансоң электронды почталарыңызға, өтінім сәтті қабылданғандығы туралы хабарлама келеді! Өтінімнің сәтті жіберілгендігін WhatsApp +7707 166 0707 осы номерге жазып біле аласыз!


Уважаемые абитуренты оставляем заявку только 1 раз! Когда Вы оставляете по несколько раз заявку, все это затормаживает нашу работу! Поэтому после того как отправите заявку посмотрите свою почту, после подачи заявки на ваш электронный адрес приходит сообщение об успешном принятии заявки! Также вы можете узнать статус заявки написав на WhatsApp +7707 166 0707