0506000 - ШАШТАРАЗ ӨНЕРІ ЖӘНЕ СӘНДІК КОСМЕТИКА
Біліктілігі: 050601 2 - Шаштараз-модельер
050607 2 - Шаштараз-стилист
Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай; 10 ай.
«Шаштараз» заманауи мамандығы осы қолөнердің үлкен көлемдегі білімі мен нюанстарын да қамтиды. Қызмет саласына байланысты оларды мынадай түрлерге бөлуге болады:
- Ерлер шебері
- Әйелдер шебері
- Колорист
- Өру маманы
- Шаштараз-стилист
Шаштараздар қолмен көп жұмыс істейді. Бірақ, еңбектің негізгі түрлерінің бірі, технологиялар мен практикалық дағдыларды білуден басқа, шығармашылық болып табылады. Тек креативті шебер ғана шашты өзгертіп, жаңа имидж жасай алады.
Шаштараздың негізгі міндеттері:
- әр түрлі шаш қиюды орындау;
- шашты бояу, сәндеу, бұйралау, түзету;
- кештерге және тойға арналған шаш үлгілерімен жұмыс;
- шаш өру;
- шаш күтімі бойынша процедуралар жүргізу;
- кәсіби жабдықтарды сауатты қолдана білу;
- жұмыс барысында қолданылатын құралдарды жүйелі түрде дезинфекциялау.
Шаштараздың бойында болуы тиіс қасиеттер:
- эстетикалық талғамның болуы;
- көз мөлшері нақты;
- тамаша физикалық формасы;
- жұмыс материалдарына аллергияның болмауы;
- дамуға ұмтылысының болуы;
- тез тіл табыса ала білу;
- сыпайылық;
- ұқыптылық.
Шаштараз мамандығына қойылатын талаптар:
Шаштараз - шығармашылық мамандықтар қатарына жатады. Білікті мамандардан мынадай жеке ерекшеліктерді байқауға болады:
- физикалық төзімділігі мықты,
- қимылы ширақ және саусақтары икемді,
- эстетикалық талғамы жақы, әдепті, клиенттермен қарым-қатынас ережелерін біледі,
- тиісті білімі, аздаған жұмыс тәжірибесінің болуы.
Шаштараз шашқа, бояуларға және басқа да препараттарға арналған сәндеу құралдарын қолдану және олардың қасиеттері туралы ақпаратты өте жақсы меңгеруден басқа, шаш үлгісінің заманауи сәндік тенденциясынан да хабардар болуы қажет. Салон клиенттеріне шаш қию және сәндеу түрін дұрыс таңдау үшін талғамы болуы маңызды. Егер жұмысқа креативті және жауапкершілікпен қарайтын болсаңыз, онда сіз нағыз табысқа жете алатын адамсыз.