Slider

1114000 ДӘНЕКЕРЛЕУ ІСІ

 

Біліктілігі111404 2 – Электр газымен дәнекерлеуші 

 

Оқу мерзіміжыл 10 ай.

 

Электр газымен дәнекерлеуші ақпараттың көп бөлігін жылдам және өз бетінше бағалай алуы, заттарды үнемі өңдей білуі қажет, механика, химия, физиканы біліп қана қоймай, есте сақтау қабілеті  жақсы және физикалық төзімді болуы тиіс.

 

Мамандық класы: орындаушылық (еңбек сипаты бойынша электр газымен дәнекерлеуші белгіленген ережелерді, нормативтер мен нұсқаулықтарды нақты сақтай отырып, стандартты міндеттерді орындауды көздейді). Электр газымен дәнекерлеуші әртүрлі конфигурациядағы металл бөлшектерін кесу және дәнекерлеу бойынша жұмыстарды орындайды, металл табақшалардан әр түрлі формадағы және пішіндегі тесіктерді кеседі. Ол дәнекерлеуге және одан кейін дәнекерленген жіктерді тазалауға, көлденең, тік және төбелік тігіспен дәнекерлеуге, раковиналар мен бөлшектердегі жарықтарды дәнекерлеуге арналған біріктіретін бөліктерді дайындайды, автоматты және жартылай автоматты машиналарда металды кесуді орындайды. Суреттер, сызбаларды оқиды, техникалық құжаттамалармен жұмыс істейді. Қазіргі заманда электр газымен дәнекерлеушіден әр түрлі салалардағы түрлі білімдер, компьютерді игеруі талап етіледі. Бұл кәсіпқойлардың қоғамда қандай маңызы бар екендігін түсіну үшін айналамызға қарасақ, металлдан жасалған қаншама өнімдер бар екендігін көреміз. Металл конструкциялары көбінесе электрлі доғамен немесе газбен дәнекерленеді. Бұл ең құрметті техникалық мамандықтардың бірі болып табылады. Егер олардың жұмыстарын тұрған жерінен алып тастасақ, онда біздің әлем тігісінен ажырап кетер еді.

 

Маманның жеке басының ерекшеліктеріне қойылатын талаптар:

Электр газымен дәнекерлеушіде жауапкершілік, адалдық, ұқыптылық, төзімділік, ұстамдылық, шыдамдылық сияқты жеке басының қасиеттері болуы керек. Электр газымен дәнекерлеуші аллергиялық ауруларға бейім болмауы керек, жанарғыны немесе электродты дәл ұстау үшін қолы күшті, өзі мұқият болуы және жұмыс орнында ешқашан алкоголь ішпеуі тиіс.

 

Электр газымен дәнекерлеушінің кәсіби маңызды қасиеттеріне мыналар жатады:

  • мықты денсаулық;
  • физикалық шыдамдылық және күш;
  • көзінің жақсы көруі;
  • кеңістіктік қиял;
  • көз мөлшерінің нақтылығы;
  • түстерді ажырата білуі;
  • жақсы дамыған іс-қимылы;
  • қозғалысының нақтылығы;
  • зейінділік;
  • абай болу;
  • жақсы жады;
  • жылдам реакция.

 

Кәсіби дайындыққа қойылатын талаптар

Электр газымен дәнекерлеуші білуі тиіс:

  • газбен дәнекерлеу және газбен кесу аппаратурасының, газ генераторларының, электрмен дәнекерлеу автоматтары мен жартылай автоматтардың, оттегі және ацетиленді баллондардың, редукциялау аспаптары мен дәнекерлеу жанарғыларының құрылысы және жұмыс істеу принципі;
  • қолданылатын оттықтарды, редукторларды, баллондарды пайдалану ережесі;
  • қармаудың әдістері мен негізгі тәсілдері;
  • дәнекерлеу арқылы түйіспелерін бөлу формасы;
  •  қорғаныш газында дәнекерлеу кезінде сақтықты қамтамасыз ету ережесі;
  • дәнекерлеу қосылыстарының түрлері және түйіспелердің типтері;
  • дәнекерлеу үшін бұйымдардың жиектерін дайындау ережелері;
  • сызбаларда дәнекерлеу түйіспелерінің белгіленуі және бөліктердің түрлері;
  • дәнекерлеу кезінде қолданылатын электродтардың, дәнекерлеу металдары мен қорытпалардың, газдар мен сұйықтықтардың негізгі қасиеттері;
  • баллондардағы газдың рұқсат етілген қалдық қысымы;
  • дәнекерлеу кезінде қолданылатын флюстердің мақсаты мен маркалары;
  • бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты және қолдану шарттары;
  • дәнекерлеу кезінде ақаулардың пайда болу себептері және олардың алдын алу тәсілдері;
  • газ жалынының сипаттамасы;
  • ауада жанып болған соң дәнекерлеу түйіспелеріне және беттеріне қойылатын талаптар;
  • болат маркаларына байланысты электрод маркаларын іріктеу тәсілдері;
  • электродтардың майлау қасиеттері мен мәні;
  • дәнекерлеу түйіспелерінің құрылысы;
  • оларды сынау тәсілдері және бақылау түрлері;
  • бөлшектер мен түйіндерді дәнекерлеуге және пісіруге дайындау ережесі;
  • металдың маркасы мен қалыңдығына байланысты металды қыздыру режимін таңдау ережесі;
  • дәнекерленетін бұйымдарда ішкі кернеулер мен деформациялардың пайда болу себептері және олардың алдын алу шаралары;
  • түрлі болаттан, шойыннан, түсті металдардан және қорытпалардан жасалған бөлшектерді дәнекерлеудің және балқытудың негізгі технологиялық тәсілдері;
  • оттекпен және газбен электрлік кесу кезіндегі газдың шығыны және кесу тәртібі;
  • газбен дәнекерлеу кезінде қолданылатын ацетилен, сутегі, оттегі, пропан-бутан сияқты кең тараған газдарды алу және сақтау әдістері;
  • қоспаланған болатты газбен кесу процесі.

 

Құрметті талапкерлер өтінімді 1-ақ рет қалдырыңыздар! Сіздердің 2-3 рет өтінім қалдыруларыңыз біздің жұмысты тежейді! Өтінім қалдырғансоң электронды почталарыңызға, өтінім сәтті қабылданғандығы туралы хабарлама келеді! Өтінімнің сәтті жіберілгендігін WhatsApp +7707 166 0707 осы номерге жазып біле аласыз!


Уважаемые абитуренты оставляем заявку только 1 раз! Когда Вы оставляете по несколько раз заявку, все это затормаживает нашу работу! Поэтому после того как отправите заявку посмотрите свою почту, после подачи заявки на ваш электронный адрес приходит сообщение об успешном принятии заявки! Также вы можете узнать статус заявки написав на WhatsApp +7707 166 0707