07.02.20
07.02.2020 жылы 1211062-тігінші мамандығы бойынша С 21 ПУ тобында өндірістік оқытудың ашық сабағы өтті, шебер — Ундизова Разия Мухаметжановна. Сабақтың тақырыбы: Конустық юбканы есептеу, салу, кесу және құру. Сабақтың әдістемелік мақсаты: оқыту формаларын жетілдіру және өндірістік оқыту сабақтарында оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыратын заманауи әдістер мен ақпараттық технологияларды қолдану. Сабақ ұйымдастыру сәтінен басталды. Одан кейін «Сән бағыттарын ескере отырып бәрі конустық юбка туралы» тақырыбындағы презентацияның сүйемелдеуімен білім алушылар өз ақпараттарымен бөлісті, озық материал дайындады. Бұл студенттердің өз ізденулерін көрсетеді. Шебер кіріспе нұсқаулықта диалогтық баяндау, интерактивті дәріс сияқты жалпы әдісті көрсетті, мұндай әдіс білім алушылардың ақпаратты меңгеруіне, тәжірибелік жұмыстарды орындау кезінде теориялық білімді білік пен дағдыға түрлендіруіне септігін тигізеді. Ағымдағы нұсқау кезінде білім алушылар өз беттерінше юбканың жарты күн радиусын есептеу, оны құру және матада пішудіді орындады. Юбканы өз өлшемдері бойынша табиғи шамада пішіп шықты. Өнімді алғашқы өлшеуге дайындады. Бұл сабақ — модульдік оқытуда өзекті болып табылады. Нәтижесі көрсеткендей, білім алушылар конустық юбканы пішудің әдістері мен дағдыларын меңгерген. Оқытудағы бұл тәсіл білім алушылардың кәсіби даярлығын қалыптастырады, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның еңбек нарығындағы жоғары білікті, бәсекеге қабілетті жұмысшы кадрларының қажеттіліктерін қанағаттандырады.