Slider

17.02.20

Колледжіміздің ең маңызды мамандықтарының бірі 0508000- «Тамақтануды ұйымдастыру» апталығының ашылуы дәстүрлі дүйсенбілік линейкадан басталды. Іс-шара арнайы пәндер оқытушысы Есейқызы Ұлжалғас пен өндірістік оқыту шебері Сабыржанова Айнур Байбулановнаның ұйымдастыруымен және де С22П, С21П, Т12П, Т11П топ студенттерінің қатысуымен өткізілді. «Ас атасы – НАН!» тақырыбы негізге алынып, еліміздің көп ұлттылығын, олардың барлығын біріктіретін тағам - нанның әр түрлілігін көрсете отыра ерекшеліктері, әр ұлттың дәстүрлі тағамдарына, әуеніне экскурсия жасалынды. Аспаз-кондитерлердің жұмыстарының маңыздылығы мен жан-жақтылығын колледж белсенділерінің көрінісі және ән-шашу арқылы студенттер мен колледж ұжымына көрсетілді.