18.02.20
2020 жылдың 18 ақпан күні сағат 15.30-да, колледжіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Жаркимбаева Суимхан Имашқызы және кітапханашы Исабекова Рысгүл Балтабайқызының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты әдеби сазды кеш өтті. Осы кешке арнайы «Қазақ әдебиетіне жан берген – Абай» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда 22 дана энциклопедия мен Абай Құнанбаевтың шығармалары, портреті, «Аңыз адам» журналы, мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы, көрнекіліктер, Абай афоризмдері қойылды. Іс-шараға қатысқан оқытушылар мен студенттер кітап көрмесін қызығушылықпен қарап тамашалады. Атаулы әдеби – саз кешінде көрермендерге Абайдың дүние есігін қалай ашқаны туралы бейнеролик көрсетілді және 19-шы, 31-ші және 32 –ші қара сөздері таныстырылып, насихатталды.Т 11 П тобының студенті Сабыржанова Ақботаның орындауында «Желсіз түнде жарық ай» атты әні орындалды, сонымен қатар Абайдың қара сөздері туралы бауырына салып тәрбиелеген немересі, Мағауияның қызы Уәсиланың еске алу көрінісі қойылды. Кеш соңында , колледж әкімшілігі атынан Аппасова Раушан Үйсінқызы ұйымдастырушылар мен қатысушыларға өз алғысын білдіріп, әдеби-сазды кештің өте жоғары деңгей өткенін атап өтті.