18.02.20
"Тамақтандыруды ұйымдастыру" циклдік комиссиясының әдістемелік апталығының аясында өндірістік оқыту шебері Исатаева Бахыт Жаксылыковна басшылығымен 2 курс студенттері С 21 П, С 22 П, С 23 П топтарының арасында шығармашылық және кәсіби дағдыларды анықтау үшін "Ең үздік аспаз" байқауы өтті. Байқау 4 кезеңнен тұрды, қорытынды тапсырма ретінде "қарақат-шие тұздығында медальон" дайындау болды, барлық қатысушылар үшін бірдей тапсырма, бірдей азық-түлік, тағам дайындау кезінде бірдей жағдай жасалынды. Бірінші орын иегері С21П топ студенті Садилов Илья WorldSkills Kazakhstan(юниор) облыстық кәсіби байқауында біздің колледжді таныстырады. Бұл байқауды бағалауға Талдықорған қаласының бас аспаздары шақырылды: Жүзбакиев Фарид Галимжанович - Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан аспаздар ассоциациясының мүшесі, Баимулдин Айдар Кастайұлы – Қазақстан, Қырғызстан аспаздар қауымдастығының мүшесі және Жанай Мирас-"Пинта-Бар" мейрамханасының бас аспазы.