Slider
Құрметті қазақ елі! Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз-жаңа өмірдің, бақыт пен қуаныш нышаны. Бұл көптеген ғасырлар бойы табиғаттың оянуын, жылу мен рақаттылықты бейнелейтін мереке. Дәл осы күнді біздің ата - бабаларымыз жаңа үміттермен байланыстырып, болашаққа жарқын жоспарлар құрды, көктем келгенге қуанып, үлкен дастархан жайып, ел тыныштығын сақтап қалды! Біздің халқымыз өзінің татулығының, ұйымшылдығының арқасында дамудың түрлі кезеңдерінде көптеген қиындықтарды жеңіп шықты. Сондықтан Сіздерді тыныштықты сақтауға және осы сынақтан лайықты өтуге шақырамыз. Ең бастысы — қауіпсіздік шараларын сақтау және үрейленбеуге шақырамыз! Бұл мерекеде сіздерге дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасылараңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілейміз! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!