Slider

01.09.20

Құрметті достар! Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! 1 қыркүйек – әр адамның жүрегінде жақсы естелік қалдыратын, жарық та, жылы сезімдерге толы ерекше күн. Қымбатты студенттер! Алда жаңа оқу жылы! Сіздерге табысты білім алып, үнемі ізденіс үстінде болуларыңызға, жоғары бағаларға ие болып, жаңа оқу жылын мағыналы да, қызықты өткізулеріңізге тілектеспіз. Колледждің есігін ашып, тұңғыш табалдырығын аттап отырған бірінші курс студенттері үшін, 1 қыркүйек – болашақ мамандыққа жасап отырған алғашқы қадам, жаңа бастамалар мен ұмтылыстар, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндігі. Студенттік кезең сіздер үшін алғашқы жеке шешімдер қабылдау кезеңі. Сіздерге алда білімнің жаңа шыңдарын игеріп, бірегей жаңалықтар ашу тұр. Бастаған барлық бастамаларыңыз сәтті болсын! Өмірін сүйікті мамандығына - еліміздің болашағына білім беруге, тәрбиелеуге арнаған әр оқытушыға, өндірістік оқыту шеберлеріне, колледж әкімшілігіне және барлық колледж қызметкерлеріне, бүгінгі мерекелі күні, ерекше алғысымызды білдіре отырып, алдағы уақытта үздіксіз кәсіби жетістіктер тілейміз!