Slider

27.11.20

Үстіміздегі жылдың қараша айының 27-ші жұлдызында М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінде ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы Даланаң жеті қыры» мақаласы аясында танымдық экскурсия өтті.

 
Іс-шараны Талдықорған сервис және технология колледжінің шетел тілінің оқытушысы Ускембаева А.Т. колледж студенттерімен, мұражай қызметкерлерінің қатысуымен қазақтан шыққан тұңғыш теміржолшы-инженер М. Тынышпаевтың өмірі мен қызметіне арналған экспозиция ағылшын тілінде жүргізілді. Танымдық экскурсияда ұлт зиялысы Мұхамеджан Тынышпаев туралы тың деректер айтылды. Колледж студенттері өз пікірлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыс хат берілді.