Slider

14.11.20

Әдістемелік апталықтарды өткізу кестесіне сәйкес, 2020 жылғы 09 қарашадан 13 қарашаға дейінгі аралықта техникалық пәндердің  ЦК апталығы өтті. Оның мақсаты – студенттердің пәндерді тереңдетіп оқуға деген ынтасын қалыптастыруға, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, оқытушылар мен студенттер арасындағы ынтымақтастық сезімін тәрбиелеуге, студенттердің коммуникативтік және кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға ықпал ету болып табылады.

Әдістемелік апталық – студенттердің оқу сапасы мен кәсіби дайындығын арттыруға бағытталған оқытушылардың мақсатты, ұжымдық, жеке, практикалық қызметін көрсететін жұмыс түрлерінің бірі. Бекітілген жоспарға сәйкес, бір апта бойы циклдік комиссия оқытушыларының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы ашық сабақтар өткізілді.

09 қараша 2020 жыл һ

Открытие недели началось с видео размещенном на сайте колледжа, в содержание видео было название открытых уроков, фамилий преподавателей которые должны были проводить и были указаны дата и время проведения уроков.  Видео было подготовлено мастером производственного обучения Кенсбай Е.Т..

Апталық колледж сайтында орналастырылған видеодан басталды, видео мазмұнында ашық сабақтардың атауы, өткізілетін күні мен уақыты, сабақ өткізетін оқытушылардың аты-жөндері берілген. Видеоны өндірістік оқыту шебері Е. Т. Кенесбай  әзірледі.

 

09 қараша 2020 жыл

Өндірістік оқыту шебері Анара Косембаевна Окашеваның  «Жарнамалық формулалар» атты ашық сабағында студенттер жарнаманың дұрыс пайдаланылуы туралы жаңа ақпарат алды, сәтті жарнама үшін жарнамалық формулалардың бірнеше түрлерімен танысты, сондай-ақ студенттер мен оқытушы арасында жарнаманы қалай сәтті жасау керектігі туралы пайымдау болды. Сабақта  оқытудың әртүрлі формалары мен әдістері  қолданылды. Студенттерге бірнеше бейнелер ұсынылды,  олар бұл жарнамалардың неліктен сәтті болғанын және басқалары не үшін сәтсіз шыққандығын көрсетулері тиіс болатын, бұл тапсырманы студенттер  ойдағыдай орындады.

 

10 қараша 2020 жыл

Нурлан Мухтарович Камбаровтың «Проекторлар» тақырыбы бойынша ашық сабағында «Проектордың құрамы» атты презентация арқылы студенттерге оның неден тұратынын және жұмыс принципін егжей-тегжейлі сипаттап, түсіндіріп берді. Студенттер өз білімдерін көрсетіп, әртүрлі фирмалардың проекторларының артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтады. Рефлексия (ой түю) кезеңінде студенттер сабақтың қызықты әрі танымды болғандығын атап өтті. Пән бойынша студенттер жоғары білім деңгейін көрсете білді. Сабақта бәсекелестік тудыру арқылы оқытушы қолайлы атмосфера құра алды, студенттер де тапсырмаларды орындау кезінде белсенділік танытты.

 

11 қараша 2020 жыл

 

Өндірістік оқыту шебері Жулдыз Талгатовна Токанова түрлі тапсырмалар қолдана отырып «Антивирустық бағдарламалар»  тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Әсіресе, «Эрудит» ойыны ерекше қызықты болды. Студенттер қойылған сұрақтарға тез жауап бере отырып, осы пән бойынша білімдерінің жақсы екендігін көрсетті.

 

 

12 қараша 2020 жыл

Өндірістік оқыту шебері Асель Маратовна Шиганбаева «CorelDraw пайдаланушы қылқаламын жасау және қолдану»тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ өте мазмұнды және танымды болды. Асель Маратовна сабақты алдыңғы тақырыпты қайталаудан бастады және практикалық тапсырмалар кезінде студенттер өте белсенді болды.

 

 

12 нқараша  2020 жыл

Арнайы пән оқытушысы Наталья Александровна Токарева «MS Excel бағдарламасының мүмкіндіктері, парақтармен жұмыс» тақырыбында ашық сабақ өткізді, онда критериалды әдістеме және т.б. қолданылды. Сабақ өте мазмұнды және танымды болды. Студенттер MS Excel бағдарламасында өте оңай жұмыс жасай  отырып, өздерінің бұл бағдарламаны жетік білетіндіктерін көрсетті. MS Excel-де формулаларды қолдану бәріне қызықты болды. Сондай-ақ, мұғалім бұл материалды практикалық тапсырмамен бекітті және әр студенттің жеке тапсырмасы болды, барлығы формулалар мен функцияларды қолдана отырып, өте әдемі безендірілген, эстетикалық жағымды нәтижелерге қол жеткізді. Студенттердің алған әсерлері бойынша сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Рахмет Наталья Александровна!

 

13 қараша 2020 жыл

Өндірістік оқыту шебері Юрий Петрович Онищук «Жергілікті есептеу желісін орнату» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Юрий Петрович ашық сабақты дайындауға өте жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарады, қызықты сұрақтар қолданылды, жаңа материалды түсіндіру кезінде ол жергілікті есептеу желілерінің қалай конфигурацияланғанын егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ, Юрий Петрович жаңа материалды түсіндіру кезінде  жергілікті компьютерлік желіні орнатуды көрсететін өзі жасаған видеоны қолданды,   бұл студенттердің қызығушылығын тудырды. Юрий Петрович өткізген сабақтың маңызды және өте қызықты болғандығы сондай, оушылар уақыттың қалай өткендігін де байқамай қалды, барлық студенттер белсенді және қызығушылық танытты және әр студент жергілікті есептеу желісінің қалай бапталатынын түсінді. Нәтижесінде  сабақ өз мақсатына жетті.

 

13 қараша 2020 жыл

На открытом уроке по теме «Фотоколлаж в графических программах», использовалась критериальное оценивание, поэтому преподаватель вначале урока озвучил дескрипторы как будут оцениваться студенты. Жандос Айтмухамедович онлайн показывал работу в программе Photoshop и изготовил фотоколлаж, объяснение было очень интересным и насыщенным. После объяснения преподаватель сделал небольшой опрос, затем выдал домашнее задание. Рефлексия прошла то же очень интересным студенты должны были своей мимикой показать как прошел урок, судя по мимике студентов, урок Всем понравился.

Жандоса Аймухамедович Динмухамедовтың «Графикалық бағдарламалардағы фотоколлаж» тақырыбы бойынша ашық сабағында критериалды бағалау қолданылды, сондықтан оқытушы сабақтың басында студенттердің қалай бағаланатын дескрипторларын айтты. Жандос Айтмұхамедұлы Photoshop бағдарламасында онлайн жұмыс жасау арқылы фотоколлаж дайындады, түсіндіру өте қызықты және мазмұнды болды. Түсіндіруден кейін мұғалім шағын сауалнама жүргізіп, содан кейін үй тапсырмасын берді. Рефлексия өте қызықты өтті, студенттер өздерінің мимикалары арқылы сабақтың қалай өткенін көрсетуі тиіс болатын, студенттердің бет-әлпетіне қарап, сабақ ұнағандығын көруге болады.

 

ЦК оқытушылары үлкен дайындық жұмыстарын жүргізді. Барлық іс-шараларда ZOOM платформасы, стандартты емес оқыту қолданылды. Циклдік комиссия апталығында өткізілген барлық іс-шаралар жоғары бағаланды.