03.12.2021
2021 жылдың 3 желтоқсанында Талдықорған сервис және технология колледжінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Талап» КЕАҚ қолдауымен «Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің даму факторы ретінде» атты республикалық семинар-практикум аясында «Қазақстанның ұлттық тағамдарын жаңғырту» тақырыбында шеберлік сағатын өткізілді.
Шеберлік сағатының мақсаты – қазіргі заманғы және қазақтың дәстүрлі ұлттық тағамдарын танымал ету, дамыту болып табылады.
Шеберлік сағатын өткізгендер:
Жузбакиев Фарид Галимжанович, «Ай-Сер» мейрамханасының бас-аспазы; Қазақстанның бас-аспаздар ассоциациясының мүшесі; Қырғызстан мен Өзбекстанның бас-аспаздар қауымдастығының құрметті мүшесі; Мәскеу, Стамбул, Дубай қалаларында өткен Халықаралық аспаздық жарыстардың жеңімпазы және қатысушысы; «Елтану. Қазақстанның дәстүрлі ұлттық тағамдарын жаңғырту» бағдарламасының әзірлеушісі және қатысушысы.
Жапаркул Али Мауленұлы, «Lattе» кофеханасының аға аспазы, колледждің 2019 жылғы түлегі.
Истина Ирина Алексеевна, өндірістік оқыту шебері.
Шеберлік сағатының мәзірі:
• Шығыс тәттілерімен пісірілген алмұрт, «Балқаймақ» тұздығы.
• Жаңғақтар мен шоколад қосылған жент.
• Шұбаттан жасалған суфле, «Ягодный» тұздығы.
Шеберлік сағатына облыстардың және Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары білім басқармаларының өкілдері, басшылар, басшылардың орынбасарлары, арнайы пәндер оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері қатысты. Шеберлік сағаты жоғары деңгейде өткізілді.