Slider

Сізді менің блогымда көргеніме қуаныштымын! Менің блогымда сіз өзіңізді қызықтырған сұрақтарыңызды қоя аласыз. Сізді толғандыратын сұраққа жауап алу үшін қабылдауға жазылу міндетті емес, тек блог бетінде өз пікіріңізді қалдыру жеткілікті. Мен сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап беруге, сондай-ақ сіз көтерген мәселелерді шешу үшін барлық мүмкіндіктерді жасауға тырысамын. Блогпен жұмыс істеу үшін менің жұмыс күнімнің тәртібінде арнайы уақыт бөлінген. Сіздің жауаптарыңыз бен ұсыныстарыңыз біздің жұмысымызды жетілдіруге мүмкіндік береді. Біздің блогтағы ақпарат тек бүгінгі студенттерге және ата-аналарға ғана емес, сонымен қатар біздің болашақ талапкерлерге де пайдалы болады деп сенемін. Бұл блог сіздің сұрақтарыңызды, ұсыныстарыңызды және ескертулеріңізді тікелей алу мүмкіндігіне ие болу үшін ашық.

 

Құрметпен, колледж директоры Базарқұлова Лязат Тілеубайқызы

Comments  

# Айзада 2020-01-31 20:57
СҰРАҚ:
Сәлеметсізбе, келесі жылы қандай мамандықтар бойынша оқуға қабылдайсыздар 9 - сыныптан кейін?

ЖАУАП:
Сәлеметсізбе Айзада!
2020 — 2021 оқу жылына қабылданатын мамандықтар тізімі шамамен төмендегідей
Ескерту: мамандықтар тізімі өзгеруі мүмін, нақты тізімді мамыр айында жариялаймыз.

0508000 "Тамақтандыруды ұйымдастыру"
0508022 "Кондитер" — 25 орын (9-сынып негізінде, қазақ тілінде)
0508012 "Аспаз" — 25 орын (9-сынып негізінде, орыс тілінде), 25 орын (11-сынып негізінде, қазақ тілінде)

1304000 "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету"
1304012 "Сандық ақпаратты өңдеу маманы" — 25 орын (11-сынып негізінде, қазақ тілінде)
1304082 "Компьютерлік желілерді, цифрлық және электрондық аппаратураларды жөндеуші" — 25 орын (9-сынып негізінде, орыс тілінде)
Reply
# Айдана 2019-10-21 21:42
СҰРАҚ:
Сәлеметсізбе, сайтқа сабақтың расписаниясын салыңыздаршы! Рақмет үлкен!

ЖАУАП:
Сәлеметсізбе, Сіздің өтінішіңіз бойынша колледж сайтына (СТУДЕНТТЕРГЕ - САБАҚ КЕСТЕСІ - 1 / 2 / 3) сабақ кестесі салынды.
Reply
# Сулушаш 2019-10-11 21:13
СҰРАҚ:
Сәлеметсіз бе, сіздерге кондитер мамандығына ауысқым келеді Алакөл ауданынан, осыған байланысты жауап беретін адамның телефон номерін берсеңіз? Рақмет.

ЖАУАП:
Сәлеметсізбе Сулушаш! Біздің колледжді таңдағаныңызға қуаныштымыз! Сіздің қойған сауалыңызға толық ақпарат алу үшін мына нөмерге хабарласыңыз: 8 (7282) 30 87 45
Reply
# Жансая 2019-09-24 08:02
СҰРАҚ;
Сәлеметсіз ба? Сіздерге оқуға түссем 9-сыныптан кейін неше жыл оқимын? Стипендия көлемі қанша? Және дизайн мамандығы барма? Рақмет.

ЖАУАП:
Салеметсізбе Жансая! 9-сыныптан кейін мемлекеттік тапсырыс бойынша (грант) және ақылы түрде оқыту мамандықтары бойынша және оқу мерзімдері туралы ақпаратты осы сайтта "ТАЛАПКЕРГЕ" деген бөлімінен алуға болады. Толық ақпарат алу үшін мына нөмерге хабарласыңыз: 8 (7282) 30 87 45 немесе біздің инстаграм желісіндегі парақшамызға кіріп ақпарат алуыңызға болады! Инстаграм парақша: @tksit_life
Reply

Add comment

Security code
Refresh