15.09.20
Ағымдағы қашықтықтан білім беру жағдайында аса қажетті оқу-құралының бірі ноутбук екені рас. Дегенмен, барлық студенттер мен оқушылардың бұл оқу құралын сатып алуға жағдайлары жете бермейді. Еліміздің жанашыр әрі ұлтжанды азаматтарының ұйымдастыруымен «САЛИҚАЛЫ ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ» қорының қайырымдылық науқаны аясында Талдықорған сервис және технология колледжінің студенттері Ермуханбет Әнуар Аманжолұлы және Садыбекова Макира Амангелдіқызына қайтарымсыз көмек ретінде ноутбук берілді. Колледжіміздің студенттерінің қуанышында шек жоқ. Бұл бастама оларға болашаққа деген сенімі мен талпынысын нықтай түсті десек артық емес.